Алтын ғасырдағы ардақты пайғамбар

Алтын ғасырдағы ардақты пайғамбар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында Желтоқсан айының 11 күні аудандық мешіт ұжымының ұйымдастыруымен «Алтын ғасырдағы ардақты пайғамбар» атты мәуліт кеші өтті. Аудан орталығы мен ауылдардан мешіт имамдары, қариялар мен жастар келіп тамашалаған жиын аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Рухани кештің басталуымен аудан басшысы Қанатбек Қайшыбекұлы құттықтап сөз сөйледі. Жаңатас жастарының атсалысуымен тәрбиелік мәні бар қойылымдар қойылып, жырдан шашу шашылды. Мәуліт жыры оқылды. Зал толы көрермендер соңына дейін тапжылмай отырып тамашалады. Кеш соңында аудандық мешіттің бас имамы көп жылдардан бері дін қызметінде жүрген ардагер имамдарды және тартымды да, тағылымды қойылымдар қойып, жырлар оқып өнерімен көрермендерге көзайым болған бір топ жастарды алғыс хаттармен марапаттады. Келген көрермендерге сыйлық салынған пакеттер таратылды.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: