БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран оқумен басталған рухани кеште Байзақ ауданының  бас имамы Рамиз Азизов Мәуліттің мазмұнын ашатын уағыз-насихат айтып, ардақты пайғамбарымыздың өмірінен сыр шертті.

Адамзаттың асылы, көркем мінездің патшасы соңғы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетімен жүріп, ғибратқа толы өмірін ұстануға  шақырды. Қосы батыр мешітінің молдасы Бақытбек Сағымбаев  Мәуліт жырын оқып, Хақ елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат жолдады.

Рухани шара аясында мешіт қызметкерлері тарапынан жұмаға жиналған жамағатқа құрма үйлестірілді. Кеш соңында мешіт ақсақалдары ақ тілектерін жеткізіп, бір-бірін құттықтап, жылы лебіз білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: