Шу аудандық "Төле би" мешітінің найб имамы, Шу ауданының дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Талғат Кәрібайұлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арасында «Қауіпсіз болашақ» атты тақырыбында кездесу өткізді.
Келелі кездесуде ауданымыздың найб имамы Талғат Кәрібайұлы, кері тартпа ағымдардың қоғамға тигізіп жатқан зияны мен жасап жатқан қиянаттарын тілге тиек етіп, олардың алдын алу жолдарын түсіндіріп өтті.
Аталмыш қызметкерлер ұйып тыңдап, көкейлерінде жүрген бір неше сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі