Шу ауданында Мәуліт мерекесі аталып өтілуде

Шу ауданында Мәуліт мерекесі аталып өтілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітінде мұсылман қаумының сағынышына айналған, екі жаһан сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед Мустафаның (с.ғ.с)  дүниеге келген айы Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Қазіргі жыл санаумен 571 жылы сәуір айының 20-шы жұлдызында Рабиуль-аууаль айының 12-ші күні таң сәріде Мекке қаласында дүниеге келген. Аталмыш мерекеге ден қойған Ислам әлемі мен Қазақстан мұсылмандары, пайғамбардың (с.ғ.с) туылған күнін тойлауды ізгі дәстүрге айналдырды.

Қасиетті жұма күні аудандық "Төле би" мешітіне қадам басып келген аудан тұрғындары, мешітіміздің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі жайында айтқан өсиетін көздеріне жас алысып тыңдады. Жылдағы дәстүр бойынша Мәуліт шәріп оқылып, жамағатқа құрма жемісі таратылды. Осындай игі шара ауданымызға қарасты Қонаев ауылдық мешітінде, Амангелі ауылдық мешітінде, Көкқайнар ауылдық мешітінде және Бірлік ауылдық мешіттерінде де аталып өтті. Қонаев мешітінің молдасы В.Мустафаев  ұйымдастыруымен мешітке келген жамағатқа ас беріліп, Құран оқылды.

Аталмыш мейрам алдағы уақытта үлкен көлемде атап өтетінін жеткізген Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы, келген кісілерге  Құран оқып батасын жаудырды.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: