Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Тұрар Рысқұлов мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Мәнісі зор тәрбиелік сағатта сөз болған тақырып «Өмірді таңда!».
Мектеп оқушыларына бас имам, өмірдің құндылықтары жайлы түсіндіріп, үйде ата-ананы, мектепте ұстаздарды сыйлау, өз ортаңда жолдастармен жақсы қарым қатынаста болу, және қоғамдағы үлкенді құрметтеп, кішіге ізеттілік көрсете білу бұл үлкен адамгершілік екенін айтып өтті.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.