Ерте ме, кеш пе – күндердің күнінде Алла Тағаланың маңдайымызға жазған уақыты таусылғанда о дүниеге аттанып жүре беретініміз хақ.
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Әркім өлім татады. Шын мәнінде қиямет күні ақыларың толық төленеді. Сонда кім оттан құтқарылып жұмаққа кіргізілсе, рас құтылды. Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі» (3:185).
Осындай қайғылы жағдай Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Жуалы мешітінің имамы Медетбеков Сеитқазы Әбдірұлының шаңырағында орын алды. Имамның ақ жаулықты анасы ақтық сапарға аттанды.
Марқұм Несібелі Ембердіқызы 1937 жылы дүниеге келген. Жолдасы Әбдірмен шаңырақ көтеріп, 10 перзентті дүниеге әкелген батыр ана, тыл еңбек ері атанған ақ әженің 30 немере, 43 шөбересі бар. 82 жасқа келіп дүние салған ардақты ананың отбасына, Сеитқазы Әбдірұлының жанұясына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі және облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті атынан қайғырып, көңіл айтамыз.
Марқұмның жаны жәннатта болып, Алланың рахымына бөленсін!
asyldin.kz сайтының әкімшілігі