Қоғамдық форум өз жалғасын табуда

Қоғамдық форум өз жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Форумның негізгі мақсаты қоғамның көкейінде жүрген халық арасында әдетке айналып қалыптасып қалған көптеген келеңсіз жайларды ретке келтіру. Бұл деген уақыт талабы, уақыт талабына сай ісіміз-амалымыз заңға, қоғамның бүлінбеуіне, ұлттың дамуына кері әсерін тигізбеуі керек.

Қоғамдық форумның бағдарламасында: той өткізу мәдениетін қалыптастыру, той өткізу тәртібі, салт-дәстүр, діни рәсімдер, ысырапшылдық, иман, сауап, намысты ұл – инабатты қыз тәрбиелеу, ізгілікті қоғамға айналу мәселелері қаралды.

Форумда сөз алған ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы: – "Заман жақсы, еліміз-жұртымыз тоқшылық заманда күн кешіп жатырмыз. Форумда көтерілген мәселелер орынды, көптен бері көкейде жүрген орынды талаптар еді. Атам қазақ айтқандай, «Бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» дегендей ысырапшылдыққа белшемізден батып жатқан  жағдай жоқ емес. Орынсыз жұмсалған дүние, шариғат тәртібі бойынша ысырапшылдыққа жатады, бұл деген сауап емес, күнә болып табылады, мұқият ескерген жөн".

Қаралы үйде ас беру, қабір басында дүние тарату, шектен тыс дастархан әзірлеу, осы мәселелер бойынша халық арасында насихаттау іс-шаралар өтті, одан өзге аудандық баспасөз беттерінде «Ас мәзірі» атты мақала жарық көрді.

Бүгінгі таңда аудан мешіттерінің асханасында «Ас мәзірі» қатаң қолға алынған, ас дастарханында қандай тағамдар болу керектігі жайында хабарлама ілінген. Мысал ретінде, түрік ұлтты ағайындардың ас дайындау рәсімдерінде өздерінің ұлттық тағамдары қойылады, ыстық ас әзірленбейді, тек қана шай дастархан жайылады. Қандай таңқаларлық жай, сауап деп осыны айтқым келеді.

Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын, жас ұрпақтарымыз намысты-инабатты, иманды ұрпақтардан болсын, ынтымақты-бірлікті ел болайық.

Аудандық «Меркі ата» мешіті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: