ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы "Һибатулла Тарази" мешітінің қыздар сауат ашу курсының ұйымдастыруымен жалғызбасты аналардың шаңырағына қайырымдылық жасалды.
Көмек көрсетілген жанұяның барлығы көпбалалы отбасы. Қайырымдылықты мақсат еткен мешіт шәкірттері мен ұстаздары 5 шаңыраққа қонаққа барып, ана мен балалардың жағдайын сұрап, жәрдем ретінде азық-түлік жеткізіп берді.
Қоңыр күздің суығында көмек алған аналар шын алғыстарын білдірді. Іс-шараға барлығы 25.000 теңге қаражат жұмсалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.