Сүнниттер мен шииттер - екеуінің арасында қандай айырмашылық бар?

Сүнниттер мен шииттер - екеуінің арасында қандай айырмашылық бар?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сұрақ: Шииттердің сенімдері жайында толығырақ айтып берсеңіздер.Олардың басты адасуы неде?


Жауап: Қазіргі уақыттағы шиттердің көпшілігі шиит-имамиттер («имами исна әшғария» ) * деген топқа жатады. Оларға ортақ наным-сенімдер мыналар:

1. Тахрифке (Құранның бұрмаланғандығы немесе толық еместігіне) сену .

Көптеген шииттік ғалымдар қазіргі Құранды бұрмаланған және толық емес деп есептейді (1).

Мәселен, әйгілі шитт муфассирі (Құранды тәпсірлеуші) Әт-Табраси (хижра бойынша 620 жылы көз жұмған) «Әл-Ихтиядж» деген кітабында былай жазады:

ولو شرحت لك كلما أسقط وحرف وبدل مما يجري هذا المجرى لطال, وظهر ما يحظر التقية إظهاره من مناقب الأولياء ومثالب الأعداء

« Егер мен сендерге Құранға түспей қалған, өзгертілген немесе ауыстырылған нәрселердің бәрін түсіндіре алсам, бұл өте ұзақ болар еді;такыйя (жасыру) қағидасы ондай жарияға тыйым салады »(Әл-Ихтиядж, 377-ші бет).

Тағы бір шиит муфассирі Файз әл-Кашани (хижра бойынша 1091 жылы көз жұмған) «Әт-Тафсир әс-Сави» атты кітабында Әли ибн Ибрахим әл-Кумми (хижра бойынша 307 жылы көз жұмған) мен әл-Кафи Мұхаммад ибн Якуб әл-Куленидің (хижра бойынша 328 жылы немесе 329 жылы көз жұмған) тәпсірлері сияқты Құранның бұрмалануына қатысты негізгі шииттік қайнар көздерде жазылған көптеген хабарламаларды келтіргеннен кейін былай деп жазады:

أقول: المستفاد من مجمع هذه الأخبار وغيرها من الروايات من طريق أهل البيت (عيهم السلام) إن القرآن الذي بين أظهرنا ليس بتمامه كما انزل على محمد (صلى الله عليه وآله وسلم) منه ما هو خلاف ما أنزل الله ومنه ما هو مغير ومحرف وإنه قد حذف عنه أشياء كثيرة منها اسم علي (عليه السلام) في كثير من المواضع ومنها غير ذلك وأنه ليس أيضا على الترتيب المرضي عند الله وعند رسوله (صلى الله عليه وآله وسلم) وبه قال علي بن إبراهيم

« Осы хабарламалардан (жоғарыда келтірілген авторлардың кітаптарынан) және басқа да қайнар көздерден шығатын қорытынды: қазір біздің қолымызда жүрген Құран Алла Тағаланың Мұхаммед Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жібергеніндей толық Құран емес. Оның бір бөлігі Алланың түсірген уахиына қайшы келеді, ал, екінші бөлігі өзгертілген немесе бұрмаланған (мәселен, көптеген жерінде Әли деген есім алынып тасталған).Сондай-ақ (жоғарыда айтылғандардан) шығатын тұжырым, ол (Құран) Алла мен Оның Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалағандай реттілікпен құрастырылмаған. Бұл жайында Әли ибн Ибрагим айтқан ».

Әли ибн Ибрагим - ертедегі белгілі шиит муфассирлерінің бірі. Осы айтқандарымыздан белгілі болғандай, көптеген шииттік ғалымдар «Құран бұрмаланған» деген сенімді ұстанады.

2. Алғашқы үш әділ халиф - Әбу Бәкір, Омар және Османға (Алла оларға разы болсын) және де Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басқа да көптеген сахабалары мен әйелдеріне қатысты айыптаулар . Шииттер алғашқы үш әділ халифке мұсылман үмбетінің билігін (олардың ойынша, билік басына Әли (Алла оған разы болсын) келуі керек болыпты) әділетсіздікпен тартып алды деген және көптеген сахабаларға дінді бұрмалады деген айып тағады.

Біз Әбу Бәкір мен Омардың (Алла оларға разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең жақын сахабалары мен достары болғанын білеміз. Олардың жанкештілігі, ержүректілігі және дінге жасаған қолдауы көптеген тарихи фактілерден белгілі. Оның үстіне, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларды тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның қатарында атаған. Алайда, шииттер Әбу Бәкір мен Омарды (Алла оларға разы болсын) Тозақ отына күйетін екіжүзді (мұнафық) деп атап, тіл тигізіп, қарғайды. «Әхли-Сүннет уәл Жамағаттың» көптеген ғалымдары мұндай сенімді күпірлікке жатқызады [2].

Сондай-ақ, шииттер Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі Аишаға (Алла оған разы болсын) ерекше жеккөрінішпен қарайды, атап айтқанда, олар оған зина жасады деген айып тағады (алқаға қатысты хикаяда, оған жала жабылғанда, Алла оны ақтап шықты) (3).

3. Имам Әли мен оның әйелі Фатиманың (Алла оларға разы болсын) ерекше орны - шииттер оларды ерекше білімге және қасиетке ие деп біледі. Кейбір шиттік қайнар көздерде Жәбірейіл періштенің уахиді Әлиге (Алла оған разы болсын) берудің орнына қателесіп, Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бергені жайлы да пікір айтылады.

Шииттер азан мен қамат (намазға шақыру) түсіру кезінде «Әшхәду әннә Мухаммадан расулюЛЛах» дегеннен кейін «Әшхәду әннә Әлиян уәлийуллах» (Әлидің Алланың атынан келген әмір екеніне куәлік етемін) деген сөздерді қосып айтады. 

. 4 Имамат - 12 имамның (Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұрагерлерінің) ерекше дәрежеге ие екендігіне сенім .

Шииттер Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өлімінен кейін ислам үмбетіне басшылық ету Әли (Алла оған разы болсын) мен оның ұрпағына - күнәсіз имамдарға берілді деп сенеді. Соңғы, он екінші имам кішкентай кезінде жоғалып кеткен. Шиттердің ойынша, ол қазір «жасырын жерде» (о дүниеде, сол жақтан шиитердің қазіргі басшыларына - аятоллаларға хабарлама мен бұйрықтар жіберіп отырады). Шииттердің пікірінше, күллі мұсылмандар күтіп жүрген имам Махди (Қиямет күніне аз уақыт қалғанда шығатын имам) - сол он екінші имам. Әр имамның пайғамбарлық деңгеймен парапар ерекше өкілеттілігі бар - олар айқын және жасырын білімге ие, ғажайып жасай алады, пайғамбарлар сияқты олар да күнәдан пәк және т.б.
Көптеген шииттік ғалымдар күнәдан пәк имамдарға сенбейтіндердің бәрін кәпір деп санайды.

5. Мутғаның - уақытша некенің рұқсат етілуі . Исламға дейінгі Араб елдеріндегі пұтқа табынушылар қоғамында уақытша неке деген болған - ер адам белгілі бір ақы төлеп, әйел адамға белгілі бір уақытқа (бір апта, бір ай, тіпті бір сағатқа) үйлене алатын болған. Ондай некеге Уахи түскеннен кейін біршама уақыт бойы рұқсат етілді. Бірақ, кейін Алла Тағала Пайғамбар арқылы (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), оған тыйым салды. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:

« Әй, адамдар, мен [бір кездері] сендерге уақытша некені рұқсат еткен едім [ұзақ жорықтардың кезінде]. Бірақ, расында, Раббымыз оған Ақыретке дейін тыйым салды »(Муслим, Ахмад және әл-Байхакы).

Имам Әли ибн Әбу Талиб былай деген: « Расында, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мутғаға (уақытша неке) Хайбар күні тыйым салды»(Бұхари, Муслим, Әт-Тирмизи).
Алайда, шииттер-имамиттер мұндай некені рұқсат етілген деп санайды (ондай некеге тыйым салатын хадистерді мойындамайды). Уақытша некеге тұру үшін ер мен әйел махр (бұл жағдайда ол - материалдық сыйлық) жөнін талқылап, екеуінің бірге тұратын мерзімі жайында келісіп алса жетіп жатыр. Неке қию рәсімінде куәнің болуы шарт емес. Ерлі-зайыптының бірі кездейсоқ көз жұмған жағдайда мұрагерлікке қатысты міндеттеме жоқ, бұл «неке» ажырасу рәсімінсіз-ақ бұзыла береді. Шындығында, мұндай «неке» бүркемеленген зинаға ұқсайды.

6. Такыйя - адамның өзінің шынайы сенімін жасыруы . Сүннит ғалымдарының пікіріне сәйкес, мұсылман адамның өміріне қауіп төнген жағдайда ғана оған сенімін жасыру рұқсат етіледі (тіпті мұсылман екендігін жоққа шығаруына да). Алайда, шииттік ғалымдардың ойынша, адам өзінің сенімін көптеген жағдайда жасыра алады, мәселен, бұл оған қандай да бір себеппен тиімді немесе қолайлы болса да.

Дәл осы себепті, шииттер сүнниттердің арасында жүргенде шындығында жоғарыда аталған сенімдерді ұстанатындарын мойындамауы мүмкін (Құранның бұрмаланғанына сенбейтіндерін айтып, барлық сахабаларды жақсы көретіндеріне сендіруі мүмкін).

7. Сонымен қатар, шииттерге тән тағы бір белгі - олар аңыз бойынша Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немересі имам Хусейн (Алла оған разы болсын) өлтірілген күні - Ашура күні Аза тұту рәсімін өткізеді. Сол күні көптеген шииттер қайғы-қасіретін көрсету үшін өз-өздерін жарақаттап, денелеріне зақым келтіреді. Ислам ғалымдары мұндай дүниелерді де шектен шығушылық және әсірешілдік деп танып, құп көрмейді.

*****

Шииттермен олардың сенімдері жайлы талқылау жүргізу өте қиын. Өйткені, олар Құран аяттарын өздігінше, өз сенімдеріне сәйкес түсіндіреді, ал, сүнниттердің арасында мақұлданған хадистердің жинақтарын (мәселен, Кутуб Ситта деген хадистердің алты жинағы) олардың ойынша сенуге тұрмайтын сахабалар риуаят еткендіктен, мойындамайды. Олардың өздерінің хадистер жинағы бар (айта кету керек, олардың көпшілігі, ойдан шығарылған және жалған).

Көптеген сүннит ғалымдарының пікіріне сәйкес, ондай сенімдерді ұстанатын адамдарды мұсылман деуге болмайды (4). Дегенмен, қазіргі кезде өздерін шиитпіз деп жүрген көптеген қарапайым адамдар көп жағдайда ата-бабасының ұстанған жолына еретіндерін ескеруіміз қажет. Олардың көпшілігінің жоғарыда айтылған наным-сенімдерден ешқандай хабары жоқ. Сол себепті, бір шитті бөліп алып, оны мұсылман немесе кәпір деп, кім екенін кесіп айта алмайсың.Әр жағдайды бөлек қарастыру қажет.

Ал, ең дұрысын Алла біледі.
Қайнар көз: Jamitul Улама
_______________________________________
 
* Мұсылман әлемінде шииттер көп жағдайда Иран мемлекетінде (ол жақта шииттік сенімдер ресми түрде қабылданған) өмір сүреді. Бұрынғы КСРО мен Ресейдің аймағында Әзірбайжан мен Дағыстан республикасында (мәселен, Дербентте) шииттер бар.

[1] يقول صاحب كتاب الوشيعة وهو الشيخ موسى جار الله الذي عاش بين الشيعة زمنا طويلا يدرس في حلقاتهم: القول بتحريف القرآن بإسقاط كلمات وآيات قد نزلت, وبتغيير ترتيب الكلمات أجمعت عليه كتب الشيعة. وقد لقيت في زيارتي للحوزة العلمية في قم كثيرا ممن يقول بهذا القول إما تصريحا وإما تعريضا (الفاضح لمذهب الشيعة الإمامية, ص67)

[2] وكذلك من قال فى الشيخين أبي بكر وعمر رضي الله عنهما مثلا: ليس من أهل الجنة مع تواتر الحديث في بشارتهما, أو قال: إن النبي صلى الله عليه وسلم خاتم النبيين ولكن معنى الكلام أنه لا يجوز أن يسمى بعده أحد بالنبي وأما معنى النبوة وهو كون الإنسان مبعوثا من الله تعالى إلى الخلق مفترض الطاعة معصوما من الذنوب ومن البقاء على الخطأ في ما يرى فهو موجود فى الأئمة بعده فذلك زنديق, وقد اتفق جماهير المتأخرين من الحنفية والشافعية على قتل من يجري هذا المجرى والله تعالى أعلم بالصواب. مسوى على الموطأ للشيخ الأجل ولي الله بن عبد الرحيم الدلوي (إكفار الملحدين, إدارة القرآن, ص45)

[3] الرافضي إذا كان سب الشيخين ويلعنهما والعياذ بالله فهو كافر ولو قذف عائشة رضي الله تعالى بالزنا كفر بالله ... كذا فى الوجيز للكردري (الفتاوى الهندية, منقول من الفتاوى المحمودية, ج2 ص36)

[4] دور حاضر كے زنادقہ: 1. شيعہ, يہ زنادقہ كا قديم ترين فرقہ ہے اور سب سے برا دشمن اسلام اور سب سے زياده بد ترين خبيث زنادقہ كے اس اخبث الخبائث فرقہ نے اسلام اور مسلمانون كو جتنا برا نقصان پہنجايا ہے اور پہنجار ہے ہين اتنا نقصان زنادقہ كے دوسرے سب فرقون كا مجموعہ بهى نہين پہنجا سكا بلكہ اس كا عشر عشير بهى نہين كر سكا (أحسن الفتاوى, ج.6 ص388)
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: