Елдік елдің қолында

Елдік елдің қолында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу ауданында «Елдік елдің қолында» атты қоғамдық форум өтті. Бұл қоғамдық форум биылғы 21 қыркүйек күні облыс әкімі А.Мырзахметовтың қатысуымен өткен Тараз қаласындағы «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумының  аудандардағы жалғасы деуге толық негіз бар.

Аудан басшылары мен аудан ақсақалдары, ауыл әкімдері, мешіт имамдары, мейрамхана иелері, асабалар мен жастар қатысқан жиында бүгінгі таңдағы мәселелер қамтылып, қайтпек керек деген сұраққа жауап іздеді.

Облыс орталығында өткен форумның Үндеуін оқыған аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев аталған жиынды ашып берді. Ауданның белсенді жасы Медет Атайбеков модераторлық етіп, архив саласының ардагері Тамаша Расиловқа, зейнеткер ұстаз Несіпхан Қоңырбаевқа, қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Үрпековке сөз беріп, ой пікірлер ортаға ұсынылды.

Жарыссөзге шығып, сөз сөйлеушілердің қатарында аудандағы ірі мейрамхана иелері,асабалар, ақсақалдар өздерінің  пайым-парасатымен бөлісіп, артық-кем болып жатқан шаруаларды атап өтті. Оның ішінде тойдың уақытылы басталып,түнгі 12 де тәмәмдалуы, асабалардың алар орындары, ас-жиындағы даңғазалықтың алдын алу, ұрпақ тәрбиесі, жастар мәселесі айтылып, ортақ шешімнің жолын іздеді.

Шу қаласындағы жаназа рәсімдерінен кейінгі ысырапшылдықтың тоқтатылғанын, ұсынылатын ас-судың қарапайым мәзірін тілге тиек еткен қатысушылар осы үрдісті ауылдық жерлерге енгізу керектігі айтылды. Мұны ауыл ақсақалдары да мақұлдап, осы іске жұмылатынын жеткізді.

Екі сағатқа созылған мәжілісте аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында келісім жасалып, тиісті құжаттарға қол қойылды. Онда той тәртібі мен уақыты туралы келісім бар екенін айта кеткен жөн.  форум жұмысын қорытындылаған аудандық мәслихат хатшысы Ержан Өмірәлиев: «Той тәртібін  халыққа жеткізуде құқық қорғаушылардың атқаратын рөлі маңызды» -деді.

Жиыннан жағымды әсер алған қатысушылар осындай ойлы жиындардың ауылдарда өтуі тиіс деген тоқтамға келді.

Байжан Емберді

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: