ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат жүргізді.
Өкіл имам өз сөзінде жиналған жамағатқа дінді ауырлатпай жеңілдетіп жеткізу, яғни Алланың елшісі (с.ғ.с.) хадисінде; «Ауырлатпай жеңілдетіңдер..» -деген хадисіне тоқталып, жамағатқа жеткізіп түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар мешіт жамағатына ауызбірлікпен ынтамақты сақтау әрбір мұсылманға міндет екенін тілге тиек етті.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Қаңтар 2026
27 Раджаб 1447

