Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы, ЖАНТ-мүшесі Нұрлыханов Бақыт Қонаев ауылындағы «Төле би» мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Жиында жастарға «Діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары» тақырыбында әңгіме өрбіді. Экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны көп, жат ағымға жуымай, олардың зардаптары баланы ата-анасына қарсы қою, ұлттық құндылықтарымызды жоққа шығару, қазақи салт-дәстүрімізді қабылдамау сынды бірнеше түйіткілді мәселелерді қозғап өтті.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.