Қордай ауданының жамағаты АТТ мүшесі, Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреевпен жүздесті.
Білікті маман Қордай аудандық мешіті, Қордай ауылдық мешіті мен Сортөбе ауылдық мешіттерінде болып, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында келілі кездесу өткізіп, мағұлматқа толы әсерлі уағыз жүргізді.
Махһаб ұстанудың, сүннеттің артықшылығы, теріс ағым деген не, оның зардабы жайында үгіт жүргізумен қатар көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауаптар берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.