ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстаздары ұйымдастыруымен «Танысу-сүннет» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға облыс ұстаздары мен қыздар жамағаты шақырылды. Жиын «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) - бізге үлгі» деген тақырыптағы уағызбен басталды. Мешіт жанындағы сатылы сауат ашу курсының шәкірттері бір-бірімен танысып, басқа мешіт ұстаздарымен пікір алмасып, сұқбаттасты.
Жамбыл облысының бас ұстазы, сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева білім алу жайында сөз қозғады. Уағыздан соң ақ жаулықты әжелеріміз бата беріп ақ дастарханға жайғасты. Дастархан басында қонақтар жақынырақ танысып, ғибратты әңгімелер айтылды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі