Жастар өкілі жас теміржолшылармен жүздесті

Жастар өкілі жас теміржолшылармен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

№10 Теміржол колледжінде "Экстремизм және суицидтің алдын алу" тақырыбында діни жиын өтті. 

Аталған іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев арнайы шақыртумен қатысып қайтты. 

Кездесуде діни экстремизмнің зардаптары, оның апарар жолы, суицидтің шариғаттағы үкімі жайлы мол мағұлмат берді. Бірнеше жылдар бойы жастармен жұмыс жасап келе жатқан білікті маман осы студенттерде көп кездесетін психологиялық жағдайларды, ашушаңдық, шыдымсыздық сынды мінез-құлықтарға да тоқталып өтті. 

Жоғарыда айтылған мәселелердің туындау себептерін көлденең сілкіп тастай алмайсың. Егер жастарда діни сауаттылық болса, тәрбие де, дұрыс психология да қалыптасар еді. Әлбетте, бұл теріс бағыттағы ағымдардан сақадай сақ болуды талап етеді. 

Ержан Аманбаев жастардың шариғатқа қатысты басқа да салдарына жауап беріп, студенттерге терең ой салды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: