Бүгін Юбилейное ауылы "Жақып" мешітінің жаңартылған ғимараты салтанатты жағдайда пайдалануға берілді. Аудан имамы Сұлтаншәріп қажы Жақыпбекұлының айтуынша, мешіттің ескі ғимараты 60 орындық болатын. Жаңартылған ғимарат 100 адамға қызмет көрсете алады.
Сәуір айында басталған құрылыс Қазан айында толықтай сәтті аяқталып отыр. «Мешіт құрылысы негізінен демеушілер мен жамағаттың қолдауымен жасалды. Десе де, демеушілер есімдерінің аталғанын қаламайды. Бұл жерде мәселе ниетте, Алла жолында қайырлы амал атқаруға деген ұмтылыста» дейді бас имам. Жаңа ғимаратта жамағатқа қолайлы үлкен зал пайда болды. Бас имамның жұмыс кабинеті, бұдан бөлек, Құран оқитын бөлме ашылды.
Бұрындары төпелеп жаңбыр жауған кезде, мешіт ауласы балшық болып, су алып кететін. Енді бұл мәселе толықтай шешілді. Аулаға төсемтастар төселді.
Т.Рысқұлов ауданы