Ауыл жамағаты АТТ мүшесінің уағызын тыңдады

Ауыл жамағаты АТТ мүшесінің уағызын тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының жамағаты үшін имани кездесу, діни сауатты уағыз-насихат айтылған жиын өтті. Бесжылдық, Қаракемер, Бірлесу-Еңбек ауылдық мешіттеріне арнайы ат басын бұрған Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев мол мағұлмат беріп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

Жат ағымдармен күрес саласында табанды еңбек етіп жүрген дін маманы жамбылдық жамағатқа дәстүрімізге кірігіп кеткен ата дінді ұстанудың маңызы, мазһаб дегеніміз не, діни экстремизм, терроризм және оның зардаптары, шығу тарихы жайлы сүбелі сөз қозғап, қоғамдағы көз көрді оқиғалардан мысалдар келтірді. 

Шариғат шеңберіндегі басқа да сауалдарға мардымды жауаптар қайтарып, көпшілікті иман нәрімен сусындырарлық үгіт айтты. Осындай жүздесулер әлі де өз жалғасын тауып, өңірдегі біраз ауыл жамағатының басын қоспақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: