Медколледж студенттерімен сұхбат өтті

Медколледж студенттерімен сұхбат өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреевтың қатысуымен Тараз Кәсіптік медициналық колледжінде радикалды ағымдардың алдын алу мақсатында студенттерімен сұхбат жүргізілді.

Жастардың діни иммунитетін қалыптастыруды көздеген жиында студенттердің көкейкесті сауалдарына аса назар аударылып, жан-жақты мысалдармен, нақты дәлелдер келтіре отырып жауаптар берілді. 

Сүннет жолы дегеніміз не, мазһаб ұстанудың қажеттілігі, теріс ағымдағы азаматтардың адасып жүрген тұстары қайсы, діни сауаттылық не үшін қажет сынды сұрақтардан бөлек шариғатқа қатысты түрлі тақырыпта әңгіме өрбіді. 

""Сауатты жас - сауатты ұрпақ" демекші, діни сауаттылық өте қажет. Сондықтан да осы тектес кездесулердің жиі болмағы кішкене болсын мағұлмат беріп, жат ағымдардың алдын алуға септігін тигізері сөзсіз," - дейді дінтанушы мамандар. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: