Шу аудандық Төле би мешітінде кезекті басқосу өтті

Шу аудандық Төле би мешітінде кезекті басқосу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйытқы болуымен, аталмыш мешітте кезекті айлық дастархан ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты жиналып уағыз тыңдады.

Шу аудандық "Төле би" мешітінен тәлім алған шәкіртіміз, қазіргі таңда "Нұр Мубарак" университетінің ұстазы сондай-ақ, Орбита 3 мешітінің найб имамы Союзмаматұлы Нұрлан қари бауырымыз арнайы келіп, шам намазы мен құптан намазы аралығында «Зікірмен Аллаға жақындаудың маңыздылығы» жайында уағызын жамағат ұйып тыңдады. Сонымен қатар Құптан намазынан соң мешіт асханасында дастархан жайылып, жамағат дастархан басына жайғасып, дәмнен ауыз тиіп, Нұрлан қаридың «Құран мәңгі мұғжиза» жайында әсерлі өсиетін тыңдады.

Аудандық мешіттің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы қонағымызға рақметін айтып, шын ықыласын білдірді. Осындай игі іс-шараға риза болған жамағат, Құран тыңдап, дән риза болып тарқасты.

Талғат  Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: