Қарилар курсының шәкірттері жетім балаларға сыйлық жасады

Қарилар курсының шәкірттері жетім балаларға сыйлық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы жылдың үлкен жаңалығы болған "Һибатулла Тарази" медресесі жанынан ашылған қарилар курсы Құран жаттауда ерекше әдісті пайдаланатынын көрсетті. Курс шәкірттерге Алланың Кәләмін үйретіп, жаттатып қана қойғызбай, оған амал етеуді де тәрбиелік іс-шараларымен насихаттайды. 

Курс ұстазы, қары Амангелді Бірлік Жанарбекұлының ұйымдастыруымен 15 шәкірт теміржолдың арғы бетінде яғни Жалпақтөбе маңында орналасқан жекеменшік балалар үйіне қонаққа барды. Аталған жетімхананы 14 бала паналаған екен.  Шәкірттер түрлі тәттілер мен жемістерге толы қорапшаларды осы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйға тартты. 

"Бұл шараны атқарудағы мақсат - балаларды елі мен діні үшін қызмет ететін азамат болсын, ешкімі жоқ болған өздеріндей балаларды көріп, ата-анасын ерекше қадірлей түссін, еркіндіктің қадірін түсініп, алып жатқан ілімдеріне ынта мен ықылас танытсын, шүкіршіл болсын деген ниет еді," - дейді курс ұстазы.

Бұл орталықта балалар көп, олардың ішінде церебральды сал ауруымен ауыратын балдырғандар да бар. Осы жағдайды өз көзімен көрген шәкірттер қашанда жан-жағына көмекке әзір болып, жағдайы төмен отбасыларға қол созсын, жүректері мейірімділікке бөленсін деген екен ұстаздары. 

Сонымен қатар бұл амал Құран мен сүннетте айтылған жетімге қамқорлық жасау. Ал бұл іс-шарадан алған әсер басқа да амалдарды іске асыруға тәрбие болмақ. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: