Сарысуда әйелдер жамағатымен өткен қос шара

Сарысуда әйелдер жамағатымен өткен қос шара

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу ауданы "Әбу Бәкір Сыддық" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы, мешіттің әйелдер сауат ашу курсының ұйымдастыруымен биылғы "Ислам және жастар" жылына орай осы тақырыпты өзіне арқау еткен дөңгелек үстел өтті. 

Жастардың Исламдағы орнының маңыздылығын насихаттау, болашақтың тірегі болған жас өркендердің белсенділігін арттыру мақсатында жасалған жиын шәкірттер арасындағы білім сайысымен жалғасты. 

Балдырғандардың Ислам діні жайлы іргетасы боларлық негіз қалыптастырып, жас кезінен қабылдап, білуі үшін мұсылманшылықтың дамуына үлес қосқан саңлақ сахабалар, ислам ғалымдары,  қазақ зиялылары және қазіргі замандағы ғалымдар мен Құран жаттаған қарилар жайлы мәліметтер берілді. 

"Исламдағы үлгілі тұлғаларды мысал ете отырып, жастардың олардан үлгі алып, әдеп-ахлақы келіскен көрікті мұсылман болулары үшін осындай жиын мол пайдасын тигізері сөзсіз" - дейді мешіт ұстазы. 

Ал білім сайысында Құран, Фиқһ, Ақида, Сира пәндері бойынша сынға түсті. Білім додасында жақсы нәтиже көрсеткен барлық шәкірт алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

 "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: