«Әулие ата» мешітінде қайырымдылық жасалды

«Әулие ата» мешітінде қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің ұстазы Фатима Мусаеваның ұйымдастыруымен қайырымдылық жасалды. Тұрмысы төмен 12 отбасына азық-түлік пен киімдер беріліп, жалпы 48 мың теңге жұмсалды.

Құранда: «Кімде-кім Құранды күндіз хатым етіп оқыса, сол күні періштелер оған кешке дейін салауат айтып тұрады. Ал енді кім Құранды түнде хатым етіп оқып шықса, таң атқанша періштелер оған Алладан жарылқау тілеп шығады»- деп айтылған.

Осы ниетпен, Фатима ұстаз шәкірттерімен Құранды толық хатым етті. Қонақтар жиналған дастархан алдында мешіт имамы Ораз Баймаханов Құранды барша мұсылман бауырларға бағыштап, дұға етті.

Жамағатқа Фатима ұстаз әйел кісілердің киіну әдебі жайлы уағыз жүргізіп, парыздарды орындауға шақырды.

Алла барлық сауапты амалдарымызды қабыл етсін!

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: