Оқу жылы кеше басталғанына қарамастан Шу қаласының имамдары уағыз-насихатты бастап кетті. ЖАНТ мүшесі Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Нұрлыханов Бақыт «Ә.Молдағұлова» мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
ЖАНТ мүшесі кездесуде Дін - адам баласына тәрбиенің бастауы екендігін түсінідіріп, жалпы адам өмірінде діннің рөлі терең. Білімді ұрпақ мемлекетіміздің болашағы, еліміздің ертеңі екендігін жеткізіп, оқушыларға қазіргі таңда сіздерге міндет ол, білім алу екендігін жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі