Студенттер пікір алаңында қоғамдық мәселелерді талқылады

Студенттер пікір алаңында қоғамдық мәселелерді талқылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" медресесінде салт-дәстүрге байланысты жастар арасында дебат өтті. Аталған оқу орнының ұйымдастыруымен Жамбыл Жоғарғы политехникалық колледжінің, Медколледж және медресе студенттерінің басын қосқан сөз додасы жастардың еркін ойлар алаңында өз пікірін ортаға салып, көзқарасымен бөлісуі, санасын дамыта түсіп, қоғамдағы мәселерге өзіндік ұшқыр ойын қалыптастыруы мақсатында жасалған пікірсайыс "Дәстүр қажет пе?" тақырыбын өзіне арқау етті.

Екі тарап болып кезекпен кезек пікір алаңына шыққан спикерлердің сөз сайысын ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, медресе директоры, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев, медресе мен колледж ұстаздары, шәкірттер тамашалады.  

Ойын анық жеткізіп, қатарластарынан басым түскен Жамбыл Жоғарғы политехникалық колледжінің студенттері үздік атанды. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. 

Айта кету керек, мұндай іс-шара медреседе тұңғыш рет өтіп отыр. Өкіл имам шәкірттерге: "Мұсылман адам жан-жақты болуы тиіс. Тек діни кітаптармен шектеліп қана қоймай жан-жақты жаңалықтардан құлақдар болып, әдеби кітаптарды көп оқу керек, дін маманы барлық саладан хабардар болуы тиіс," - деп тәжірибеге ұласқан үлкен сабақ болар сүбелі сөздер айтты. 

Қанат Әділханұлы алдағы уақытта осындай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылатынын, медресе студенттері тек діни емес басқа да барлық оқу орындарымен байланыста болып отыратындығын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: