Жамбыл жамағаты кіші футболда өз жеңімпазын анықтады

Жамбыл жамағаты кіші футболда өз жеңімпазын анықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі "Һибатулла Тарази" мешітінің қолдауымен 2019 жылғы кубоктың иегерлері - Талас аудандық мешітінің ұйымдастыруымен "Ислам және жастар" жылына орай облыс бойынша мешіт жамағаты арасында кіші футболдан 2-ші турнир өтті. 

Іс-шараны Облыс өкіл имамы Қанат Жұмағұл ашып, өз сөзінде «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан абзалырақ әрі Алла үшін сүйіктірек. Әйтсе де екеуінде де жақсылық бар» деген Алла елшісінің хадисін тілге тиек етіп, спорттың Исламдағы маңызына тоқталды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Айша анамызбен жүгіріп жарысқандығы жайында сөз етіп, жамағаттың спортқа деген әуестігінің пайдалы жақтарын айтып өтті. 

Үлкен көлемде өткен дүбірлі додада қала және аудандар бойынша 39 топ бақ сынады. Жүзден жүйрік шығып, жүлделі орындарға ие болған барлық жеңімпаздарға алғыс хаттар мен арнайы турнир жайлы жазбасы бар кубоктар, қаржылай сыйықтар табысталды. Ал осы орындарды қанжығасына байлап, қоржынын жеңіске толтырған топтардың алдыңғы қатарын І орынмен Байзақ ауданының жамағаты бастап тұр. ІІ орыннан Жуалы ауданы көрінсе, ІІІ орын Жамбыл ауданына бұйырды. Сонымен қатар сайыскерлер "Үздік шабуылшы", "Үздік қорғаушы", "Үздік қақпашы" атты номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтсақ, ойын барысында "Үздік шабуылшы" - Ермек Талинов, "Үздік жартылай қорғаушы" - Ерғали Қазыбеков, "Үздік қақпашы" - Марат Аязбаев сынды тұлғалар ерекше көзге түсті.

Облыстың бас имамы Қанат Әділханұлы спорттық жарысты ұйымдастырған Талас ауданының бас имамы Нұрсұлтан Алиев пен мешіт жамағатына, өкілдік атынан Жамбыл облыстық спорт басқармасына, "Айбек арена" спорт кешенінің басшылығына алғыс білдірді. 

Спорттық жарыстан кейін қатысушылар дастархан басында бас қосып, ел ауызбірлігі үшін дұға жасады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: