«Елдік елге байланысты» қоғамдық форумы Үндеу жариялады

«Елдік елге байланысты» қоғамдық форумы Үндеу жариялады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік, бірлік пен ынтымақ, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында, өңір тарихының аса маңызды кезеңі – Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз жұртшылығының басын қосқан "Елдік елге байланысты" қоғамдық форумы өтті. "Баласағұн" орталығында атқарылған іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев, қоғам қайраткерлері мен ақсалдар, имам-молдалар, әртүрлі кәсіп мамандары мен қала тұрғындары қатысты. 

Қоғамдық мәселелерді ортаға салып, түйіткілдің түйінін тарқату үшін ортақ мәселерді шешу жолын қарастырған форуда ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптың уақыт ағымымен өзгеруі, ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеу, жастар тәрбиесінің өзектілігі туралы облысымыздың ақсақалдары мен ел ағалары, білімді әрі парасатты азаматтары сөз сөйледі.

Сондай-ақ, облыс тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа, сабырлық пен  қанағатшылыққа, берекелі өмір сүруге  шақыратын Үндеу жолданды.

Іс-шараға арнайы қатысып қайтқан қоғамдағы діни эстремизммен күтес саласында белсенді қызмет атқарып жүрген облыстық мешіттің наиб имамы Бахтияр Амиреев өз сөзінде қоғамдағы проблеммалардың бірі ысырапшылдық жайлы тілге тиек етіп, ысырапшылдықтың Алла сүймейтін іс екенін айтты. Сонымен қатар қабірдің басына үй тұрғызу, жыртыс, мәйіт шығып жатқан үйдегі көл-көсір ас беріліп жатқандығы, бұл әрекеттің нағыз ысырапшылдық екені сөз болды. 

"«Іргелі елдің іргесін есер ағым бұзар» дегендей, бүгінгі таңда деструктивті діни ағымдардың ел арасына етене еніп, жастардың санасын улап жатқаны да барша жұртты алаңдатып отырған күрделі мәселе. Бұл үрдістің тамырына балта шауып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде зайырлы білімді ұлттық құндылықтарымызбен сабақтастыра отырып түсіндіру – баршамыздың басты мақсатымызға айналуы тиіс. Бұл игілікті істен облысымыздың діни ұйымдары шет қалмайтынына сенімдіміз".

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: