Сұрақ: Дұрыс дұға қалай жасаса болады? Дұғаның алдында я болмаса кейін айтылатын арнайы салауат жоқ па?
Жауап: Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен!
Әссәләмуғалейкум уа рахматуллахи уә бәрәкәтуһ!
Дұға – белгілі әдебі бар құлшылықтың түрі:
Біріншіден, дұға қылушының жүрегі мойынсұнылған әрі ықыласты, санасында Алла Тағала дұғасын қабыл ететіндігіне толық сенім болуы керек. Егер дұғасына бұл дүниеде жауап ала алмаса, үмітсіздікке салынудың қажеті жоқ, жауабын ақыретте алады. Мұның себебі Алла Тағала Өзіңі құлына мына өмірдегі сұрағанын бермесе, ана өмірде одан да жақсысын береді. Немесе дұғаның жауабы ретінде құлын бір жамандықтан сақтайды.
Екіншіден, адам тек халал тамақ жеуі және де ризығының Шариғат заңына сәйкес жолмен келіп жатқанына көз жеткізуі қажет.
Үшіншіден, мүмкіндігінше дәретте болғаны дұрыс я болмаса жақсы амал жасап барып дұға қылса жақсы. Мысалы: намаз оқу, садақ беру, тағы басқа амалдар дұғаның қабыл болуының себебі болып табылады.
Төртіншіден, дұғаны Алла Тағалаға мадақ мен Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауатпен бастап, аяқтағанда да салауатпен аяқтаған жөн. Мұның себебі, салауаттар қабыл болады, әрі дұғаның қабыл болуына себеп болады, және де құлшылық пен салауаттың ортасында қылынған дұға қабыл болады.
Бесіншіден, дұға жасағанда екі қолды жоғары көтеріп, жүзін Құбылаға қаратып, Алла Тағаланың көркем есімдерімен жалбарыну керек. Әрі әр сұраған нәрсені үш реттен қайталау қажет. Әлсіздіктен, надандықтан және қателіктерден қорғауын сұраңдар. Сонымен қатар, Ұлы Алла Тағаланы, Оның Ұлылығын, Мейірімі мен Жомартығын мадақтаңдар.
Соңында, дұға етер кезде дұға қабыл болатын уақыттарға мән беру керек (азан мен қамат арасында, түннің үштен бір бөлігінде, парыз намаздан соң) және де дұға қабыл болатын сөздерді пайдалана отырып дұға қылу тиіс. Мысалы Жүніс пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дұғасы:
لَا إِلَهَ إِلا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ
Алла жақсы Білуші
Сохайл ибн Ариф,
Студент Дарул-Ифтаа
Чикаго, США
Тексеріп, мақұлдаған:
Муфти Ибрагим Десаи.