Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Жолын болсын балақай» атты мектепке жол акциясы өтті. Акцияға жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы аналар қатысты. Байзақ ауданының бас имамы Азизов Рамиз Асимұлы «Білім алудың пайдасы» туралы уағыз – насихат айтып, мектепке жол акциясының ұйымдастырудағы негізгі мақсаттарын айтып, мектеп сөмкесін алған оқушыларға білім жолында сәттілік тіледі. Аудандық мешіттің ақсақалы оқушыларға ақ батасын берді.
Байзақ ауданы бойынша «Жолын болсын балақай» атты мектепке жол акциясы аясында, 43 оқушыға мектепке керек құрал – саймандар салынған сөкемен қоса, әр отбасыға 5000 теңгеден үйлестірілді. Мектепке жол қайырымдылық акциясы ауылдарда жалғасын табуда.