Жамбыл облыстық мешітінде 500 балаға мектеп сөмкесі берілді

Жамбыл облыстық мешітінде 500 балаға мектеп сөмкесі берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының рухани жүрегі "Һибатулла Тарази" мешітінде "Мектепке жол" науқаны өтті. 500 баланы мектепке дайындап, қуанышына ортақтасқан игі шараға ҚМДБ Халықаралық қатынас және хаттама бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл, мешіт қызметкерлері мен ата-аналар қатысты. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен басталған науқан барлық облыстарда, аудандарда өз жалғасын тауып келеді. Бұл акцияның мешіттің шаңырағында ұйымдастырылып жатқанының да өзінің бір нышаны бар, өзінің бір белгісі бар. Оның белгісі әрі дүнәуи білімді де жақсы оқуымыз керек, әрі мына жүрегімізге Алла тағаланы сіңіріп, имандылықты сіңіріп, тәртібіміз де жақсы болуымыз керек. Құдай нәсіп етсе, осы балаларымыз еліміздің бірлік береке ынтымағына өркендеп өсуіне үлес қосатын, үлкен азаматта, азаматшалар болып шығады деген үміт.

Дін мамандары бүлдіршіндерге оқуға арналған құрал-жабдықтар салынған сөмкелерді үлестіріп, жүздері бал-бұл жанған оқушыларға оқуда озат болып, тек үздік баға алуларын тіледі.

Елордадан ат артып келген Ершат Оңғаров көпшілік алдында сөз сөйлеп, аталған қайырымдылықтың мән-маңызын түсіндіріп, балдырғандар мен ата-аналары үшін дұға жасады.

Ал өкіл имам Қанат Жұмағұл болса, қайырымдылық үшін жұдырықтай жұмылған жомарт жандарды тілге тиек етіп, қаржы көзін жинауға негіз болған жақсылық жасауға асыққан халықтың өзі екенін айтып, алғыс білдірді.

Шара соңынан балалар мешіт ауласында арнайы құрылған алып батутта ойын ойнап, көңіл көтерді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: