«Алланың көркем есімдері» атты жарыс өтті

«Алланың көркем есімдері» атты жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Ар Рахман-Ар Рахим» мешітінде Алланың 99 есімін жатқа айтудан қыздар арасында конкурс өтті. Мешіт ұстазы Зора Сәбитқызының ұйымдастыруымен өткен жарысты тамашалауға басқа да мешіттерден көрермендер жиналды.  Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Нұртайұлы арнайы келіп, қатысушыларға сәттілік тілеп іс-шараны ашып берді. «Ар Рахман-Ар Рахим» мешітінің имамы Нұрматжан Миразизов сөз сөйлеп, Құран бағышталды.

Құранда: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән, Оған сол есімдермен жалбарыныңдар»- делінген.(Ағраф сүресі,180аят)

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алланың 99 есімін жаттаған адам, жәннатқа кіреді» - деп сүйіншілеген.

Жарыс талабы – есімдерді мүдірмей әрі қатесіз оқу және қосымша тапсырма бір есіммен Аллаға дұға ету болды. Шара барысында қатысушылар қобалжып, Алланың көркем есімдерін тыңдаған көрермендер көздеріне жас алды. Жеңімпаздар анықталғанға дейін, Зора ұстаздың шәкірттері имам Әбу Ханифаның өмірге келуі туралы көрініс қойды, сүйікті Пайғамбарымызға деген сағыныштан туған ән шырқалып, исламның бес парызы жайында өлең оқылды. Әділ-қазылардың шешімімен 1 орынды «Ар Рахман-Ар Рахим» мешітінің шәкірті Камалова Амира, 2 орынды «Һибатулла Тарази» мешітінің шәкірті Төлен Мариям, 3 орынды «Байзақ баба» мешітінің шәкірті Байтұрақова Талшын иеленді.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға ұстаздар сыйлықтар мен алғыс хат табыстады. Жамбыл облысының бас ұстазы Гүлжан Алдасаева жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, жарысқа қатысудың өзі жеңіс екенін айтып өтті.

«Балалардан көп нәрсе үйренуге болады, әрқашанда балалар қуаныш пен бақыттың көзі»- деп Зора ұстаз, болашақта үлкен жеңістер тіледі.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: