Балалардың қуанышы жаныңды жадыратады

Балалардың қуанышы жаныңды жадыратады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасына орай, Шу аудандық "Төле би" мешітінің ұйытқы болуымен, ауданда және ауданға тиісті мешіттерде мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған жағдайы төмен отбасылардың бүлдіршіндеріне "Мектепке жол" акциясы аясында қайырымдылық жұмыстары жалғасуда.

Негізгі акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету.

Сөмкелер әрбір мектеп оқушысына арналған қажетті кеңсе тауарларымен: қаламсауыттар, қаламсаптар, қарындаштар, альбомдар, күнделіктер, дәптерлер және басқа да заттармен толтырылған.

Шу ауданы бойынша 48 ер бала, 43 қыз балаға барлығы 91 мектеп оқушысына мектепке қажетті құрал жабдықтармен мектеп формалары үлестірілсе, 4 отбасына ақшалай көмек көрсетілді. Жалпы жұмсалған қаражат саны 1027000 тг құрады.

Аталмыш мешіттің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы мешітке келген мектеп оқушыларына мектепте озат оқушы болуларына тілектесіп, білімнің абзалдығы жайында кеңінен уағыз-насихат айтып өтті.

Осындай игі іс-шара өз жалғасын таппақ.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: