СУИЦИД - ҚАТЕРЛІ ДЕРТ

СУИЦИД - ҚАТЕРЛІ ДЕРТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз Асимұлының ұйытқы болуымен Байзақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, әкімшіліктің мәжіліс залында Байзақ ауданына қарасты ауыл имам молдалары, округ әкімдері және мекеме басшылары қатысқан «Суицид қатерлі дерт» атты кездесу өтті. Кездесуде алғашқы болып Байзақ ауданының аппарат басшысы Ақбаев Бахтияр суицидтің қоғамға тигізер зардаптарын айтып жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, осы қатердің алу жолдарын баяндады.

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз Асимұлы суицидтің бірнеше түрін айтып шариғатта өз – өзіне қол жұмсау үлкен күнә екенің айтып, суидцидке апаратын бірнеше қоғамда болып жатқан жағдайларды баяндады. Мәселен, отбасындағы жанжал, қаражаттың жетпеуі, өмірден түнілуі, өмірге деген қызуғушылықтың болмауы және психикалық ауру болуы суидцидке апарады деді.

Байзақ ауданы Абай ауылы «Жаныс баба» мешітінің молдасы Амиров Абдубари адамзат баласы не үшін дүниеге келді, адам өзіне қол жұмсаса Алланың алдында жағдайы қаңдай болатындығы туралы баяндады.

«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: