Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер еліміз бойынша халыққа қызмет көрсетуде екені баршамызға мәлім. Сол қызметтердің бірі әрі ерекшесі имамдар алдына қойылған міндеттер - қайырымдылық. Қала имамдары өңір бойынша әртүрлі деңгейде қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат қажы Дүйсенбайұлының басшылығымен қаладағы көпбалалы және тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жасалды. Мешіт қызметкерлері қайырымдылық ретінде азық-түліктерді отбасыларға таратып алғыстарын алды.
Бас имам осындай сауабы мол шараға атсалысқан барша қолы ашық қайырымы мол азаматтарға алғысын жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

