Шу қаласындағы "Қайырымдылық" дүкені тұрғындарды қуантуда

Шу қаласындағы "Қайырымдылық" дүкені тұрғындарды қуантуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сан-салалы қызметінің бірі - қайырымдылық. 

Осы орайда, Шу қаласының «Айтқұл Баба» мешітінің алдынан биылғы жылы Рамазан айында «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атты тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған дүкен ашылып, мешіт жамағаты, қарапайым халықтың алғысын алып, қошеметіне бөленуде. 

Қайырымдылық дүкенінен осы уақытқа дейін яғни «үш ай көлемінде» 180 отбасыға көмек берілді.

Бұл күнделікті жекелеген қайырымдылық көмектен тыс биылғы тамыз айында «Мектепке жол» Республикалық акциясына мешіт тарапынан «30 оқушы» әлуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуді мақсат қылып отыр. Осындай игі,  имани іс-шараларға атсалысып жүрген азаматтарға қасиетті құрбан айт мерекесі қарсаңында алғысымызды білдіреміз. 

Ерхадир Жұмабаев 

Мешіттің алқа мүшесі,

Мойынқұм ауданының құрметті азаматы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: