Нәметбай мешітінде уағыз дастарханы жайылды

Нәметбай мешітінде уағыз дастарханы жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәстүрлі айлық уағыз дастарханы қалалық «Нәметбай» мешітінде жалғасын тапты. Мешіт имамы Абдурахман Абдыбайұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты мен қонақтар дастархан алдында бас қосты. Көпшілікке «Бегалы ата» мешітінің имамы Амангелді Ембергенов «Нәпсіні тәрбиелеу, мінезді көркемдеу» тақырыбында уағыз айтты.

Алла тағала Құранда: «Кім де кім Раббысынан қорқып нәпсісін тыйса, оған берілетін орын жәннат болады» - деген.

Ислам діні жалпы сыртқы тазалыққа қана мән беріп қоймай, ішкі жан дүниенің, нәпсінің және жүректің тазалығына аса мән береді. Алла тағала: «Қиямет күні мал-мүлік те бала-шаға да пайда бермейді, алайда, таза, сау жүрекпен келу пайда береді» деп айтқан.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Қайда болсаң да Алладан қорық, жамандықтың соңынан бір жақсылық ілестір, адамдармен жақсы мәміледе бол» деген кеңестер берген.

 «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: