Шеше, сен жыламағын...

Шеше, сен жыламағын...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәстүрлі Ислам дінінің қағидалары адамзат баласын мейлінше мейірімді және қайырымды болуға үндейді. Неге десеңіз, Алла Тағала әр пендесіне өзіне ауыр тиетін жүкті жүктемейді және бірін кедейлікпен, бірін байлықпен сынайды. Жаратушы Иеміздің қалауымен кедейлікте болсаңыз мұңаюдың керегі жоқ, ең бастысы өміріңізге наразы болмай, барға шүкір жасап, жақсы амал-әрекет жасап еңбек еткеніңіз жөн болады.

Мейірімділік пен қайырымдылықты қозғап отырған себебіміз, бас имам Батырбек қажы Жақсымбетұлы көше басынан өтіп бара жатып үйінің жанында жылап тұрған әйел баласын көріп, жанына келіп мән-жайды сұрайды, жаңбыр жауып тұрған еді. Әлгі әйелдің сұранысымен үйге кіреді. Тозығы жеткен үй екені көрініп тұр. Үйге кірген кезде байқағаны төбеден сорғалаған жаңбыр суы, ірге тасы шөккен, үй қабырғасы айырылған. Бас имам ешнәрсе сұрамай, ешнәрсе айтпастан, бұл кездейсоқ емес, Алла Тағаланың көрсеткені болар деп амалын тауып көмек беруге уәде береді. Көп ұзамай іске кірісіп, жаңа үй тұрғызуға бел буған Батырбек қажы қаражат көзін тауып, мен деген аудан азаматтарымен келіссөздер жүргізіп, зекет мәселесін қозғап, өзінен де қаражат шығарып, ісі оңға басып құрылыс жұмыстары басталды.

Бас аяғы 5-6 айда жаңа үй бой көтеріп, қоныс той тойлау ғана қалған сияқты. Ол да алыс емес екен, шаңырақ иесі Серік бауырымыз жолдасымен мешітке келді, еріксіз көз жасқа бой алдырған әйелі алғысын білдірді, езуінде күлкі, жанарында қуанышты байқайсыз. Алла Тағалаға сансыз шүкіршіліктерін білдіріп, себепкер болған бас имамға алғысын білдіріп, жақсылық дастарханына шақырып, құдайы тамақ берсем деген оймен мешіт жамағатын шақыра келіпті.

Міне, жақсылық деген, мойыма-жасыма деген осы, әр нәрсе амалыңызға қарай беріледі. Жаратушы Жаббар Иеміз баршамызды өз мейіріміне, рахымына бөлесін, жәннатқа кіруімізді нәсіп етсін.

 Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: