Меркі өңіріне ҚМДБ-ның қызметкері Сансызбай Құрбанұлы келді

Меркі өңіріне ҚМДБ-ның қызметкері Сансызбай Құрбанұлы келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлім басшысы Сансызбай Құрбанұлы іс-сапармен Меркі өңірін аялдады. Аудан жұртшылығы көптен бері ғалым ұстаздарымызбен бетпе-бет жүздесуді қалап, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алғылары кеп жүрген еді. Сансызбай ұстаз бейсенбі күні шам намазы мен құптан намазы аралығында «Қарабала Төре» мешітінде жамағатпен кездесу ұйымдастырып, уағызын жамағат арасындағы ынтымақ-бірлік турасында бастады.

Уағыз соңында шариғат турасында жамағатты мазалап жүрген сұрақтарға тоқталды. Келесі күні жұма күнімен тұспа-тұс түсіп орталық «Меркі ата» мешітінде жиналған халыққа уағыз айтты. Жұма намазы алдында Сансызбай ұстаз жиналған жамағатпен жүздесіп аман-саулықтарын біліп, жылы лебізін білдірді.

Айта кету керек, Сансызбай Құрбанұлының айтқан уағызынан ұғынғанымыз шариғат мәселесін шеге бүгесіне шейін дәлелмен түсіндіруі ұстаздың дін саласында және де өмір жолында алған тәжірибесі мол екендігін көрсетіп тұрғандай. Өмір жолында туындайтын мәселелер көп, көбіне білмей жататынымыз бар, бүгін сол туындаған жағдайды біліп, шешетін күн, уақыттың аздығы, бірақ көптеген сауалға тиісті жауап алған бауырларымыз бір серпіліп көңіл жай тапқан сияқты болды.

Сансызбай ұстаз бата беріп, Меркі халқына ынтымақ-бірлік тілеп, еліміз аман, тәуелсіздігіміз ақырзаманға шейін жалғасып, аман-есен болайық деп мешіт жамағатымен қоштасып, жамағаттар қимастай шығарып салды.

Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешіті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: