Қажылар қасиетті мекенге жол тартты

Қажылар қасиетті мекенге жол тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылық парызының жауапкершілігі зор әрі марапатының шексіз екенін өз хадистерінде ескерткен. Адамды анадан жаңа туғандай пәк, таза кейіпке бөлендіретін қажылық жүрегіңді тазартып қана қоймай, рухыңды түлетіп, жаныңды тыныштыққа бөлейтін құлшылық.

Баршамызға мәлім қажылық айлары: Шәууәл, Зулқағда және Зулхижжа айының алғашқы он күні әлемнің түкбір-түкбірінен қажылар Алланың қасиетті мекенінде бас қосып, Ұлы Раббымызға құлшылық етеді. 

Әрбір мұсылманның арманы болған үлкен парыздардың бірі - қажылық рәсімін орындау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен қажылар қасиетті Мекке қаласына ағылуда.

Міне, осы бір ұлық амалды жасау үшін Жамбыл облысынан қажылыққа  аттанатын тұрғындарды "Һибатулла Тарази" мешітінде қасиетті сапарға шығарып салу шарасы өтті.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы  Қанат Жұмағұл көпшілікке қажылықтың әдебі, бірлік, қажылыққа бастап барған дін маманына бағыну сынды тәртіп, жоспарларды түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, Құран оқып, жамағат жолаушыларға дұға жасады. 

Жүректері қағбаны көруге асық қарт пен жасқа мешіт қызметкерлері мен қажылардың жақындары жылы лебіздерін, қағбаға, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сәлемдерін айтып, алыс жол жүруге дайын қажыларды  сәт сапар тілеп шығарып салды.

Айта кету керек, бұған дейін қажылыққа дайындық семинары жүргізілген болатын.

Адамзат баласы жаратылмас бұрын 7000 жыл бойы періштелер тәуап еткен, Адам атаның (ғ.с.) дәуірінен бастау алған қасиетті қажылық бүгін де жалғасын табуда.   

Алла Тағала қабыл еткен қажылықтардан болсын деп, жолаушыларға сәт-сапар тілейміз!  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: