Имамдардың біліктілігін артыру курстары басталды

Имамдардың біліктілігін артыру курстары басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарының рухани орталығы "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы имамдарының біліктілігін арттыру семинары өтіп жатыр. 

Дін мамандарының біліктілік деңгейін арттыру дәрістерін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген ғылыми дәрежелі оқытушылар құрамы жүргізеді. 

84 сағаттан тұратын 2 аптаға созылғалы отырған курс Тараз қаласы мен аудандарды қамтымақ. Бүгінгі таңда 129 жас имам осы семинарға қатысуда. Айта кету керек, шара аяқталған соң барлық мамандарға арнайы сертификаттар табысталатын болады. 

Облыс көлеміндегі мешіт жамағатының арасында кездесетін деструктивті діни идеологияның алдын алу, сыңаржақ бағытта жүрген азаматтарға ғылыми тұрғыда дін мәселелерін түсіндіріп бере алатын имамдар корпусын қалыптастыруды көздеген оқу курсы бүгін алғашқы дәрістерін бастап кетті. Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл қатысып, курстың бағыты жөнінде мол мағұлмат беріп, оқытушылармен таныстырды. Дін мамандарына сәттілік тілеп, кәсіби шеберліктерін шыңдай түсулеріне тілек білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: