Шайқорық жамағаты уағыз дастарханында бас қосты

Шайқорық жамағаты уағыз дастарханында бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы "Айдарбек ата" мешітінде кезекті айлық уағыз дастарханы жайылды.

Аудан имамы Ғарифулла Кенжебектің ұйытқы болуымен, ауыл имамы және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен өткен сауабы мол жиын ас үстінде бас қосумен қатар, көркем насихат тыңдаумен ерекшеленді. 

Игі іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы қатысты. Көпшілікке "Түс көру және оның әдептері" тақырыбында әсерлі уағыз айтып, жамағатқа рухани жігер берді.

Ал ақидаға қатысты сондай-ақ, басқа да шариғи тақырыптар бойынша өкіл имам және "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы,  РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы сұрақтарға жауап берді. 

Аталған шараны алдағы уақытта ауданның басқа да мешіттерінде өткізу жоспарланып отыр.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: