Мойынқұм ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Мойынқұм ауданына жаңа бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Мойынқұм" мешітіне жаңа бас имам сайланды. Аталған жауапты қызметке Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Тараз қаласындағы "Әзрет Әли" мешітінің наиб  имамы қызметін атқарған Еспенбетов Рысбай Асылбекұлы тағайындалды. 

Ресми іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы барып қайтты. Өкіл имам жаңа тағайындалған маманды аудан әкімі Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлына таныстырды. 

Сонымен қатар, Қанат Әділханұлы аудандық "Мойынқұм" мешітінде жиналған мұқтарам жамағатқа "Ашу - дұшпан" тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні намазға жиналған жамағатқа ауданның жаңа бас имамы Рысбай Асылбекұлын таныстырып өтіп, ҚМДБ Төрағасының бұйрығын оқыды. 

Еспенбетов Рысбай Асылбекұлы 13.03.1985 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қашқанкөл ауылында дүниеге келген. Әкесі: Еспенбетов Асылбек Сейілұлы, анасы: Әлтаева Күләйхан Айдарханқызы. Білікті маман 4 ағайындының 3-шісі. Ол 1991 жылы алғаш рет Жамбыл облысы Айша бибі ауылындағы "Айша бибі" атындағы мектеп табалдырығын аттаған. Ал 2004 жылы Тараз қаласындағы №26 Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 2005-2008 жылдар аралығында Тараз қаласындағы Абай гуманитарлық колледжін оқыса, 2012 жылы Тараз қаласындағы "Һибатулла Тарази" медресесін тәмәмдады. 2017 жылы Алматы қаласындағы имамдар даярлау институтын оқыған. Үйленген: әйелі, 2 қызы бар. 2015-2019 жылдар арлығында "Әзрет Әли" мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.   

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: