Шу ауданында имамдар семинары өтті

Шу ауданында имамдар семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен, аудандық «Төле би» мешітінде, өңірге қарасты барлық ауыл мешіттерінің имам-молдаларымен діни ілімдерін шыңдау мақсатында, Құран, Ақида, Фикһ және Хадис ілімдері бойынша екі күндік семинар болып өтті.

    Жиынды ашқан аталған мешіттің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы: «Қазіргі таңда имам-молдалар білімді де білікті болу қажет. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген дана халқымыз. Көпшілік бауырлардың таблиғ жамағатпыз, уахабиміз немесе сәләфиміз деп өздеріне ат тағып, дәстүрлі Ислам дінімізге кір келтіріп, өздері адасып және өзгені адастырып жүрген жастар жетерлік. Оларға дұрыс бағыт көрсетіп, теріс ағымдардың алдын алып жүру біздің басты міндетіміз» - деді өз сөзінде.

    Имамдарға сабақ өткізген аудандық «Төле би» мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы семинарда «Алла қайда?  Истауа сөзін қалай түсінеміз? Мухкам және Муташабиһ дегеніміз не? Тәуил мен Тафуид  деген не? Сақал үкімі, Күң хадисі» т.б маңызды болған мәселелерді қозғады. Сонымен қатар, Талғат Кәрібайұлы имамдарымыздың тәджуид ережелері мен әріп махраждарын  дұрыс шығаруын қадағалап, семинар соңында имамдар жаназа дұғасы мен қасиетті Құранның 30-шы парасын  жатқа айтудан емтихан  тапсырды.

Ауданның бас имамы Аят қажы Дыбысұлы семинарға қатысқан имам-молдалардың бағасын беріп, алдағы атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: