Тараз қаласында орналасқан «Әбу Бәкір Әс-Сыддық» мешітінде «Кел, балалар оқылық» атты мектеп жасындағы оқушыларға арналған жазғы Құран оқу курсы ұйымдастырылды.
Мешіттің бас имамы Бағзат Расулұлының ұйытқы болуымен жүргізіліп отырған курста балаларға Құран сабағымен қатар ахлақ, ғибадат, сенім пәндерінен де дәріс берілуде. Бүгін жазғы курстың 1 маусымы аяқталып, қорытынды кеш өтті.
1 маусымда 72 шәкірт сауат ашып, 1 ай ішінде үйреніп, білгендерін осы кеште паш етті. Шәкірттерге мешіт атынан сертификатар табысталып, жылы лебіз, жүрек жарды тілектер айтылды.
Жиын соңында көпшілікпен бірге дастархан басында бас қосу өтіп, дін мамандары әсерлі уағыз жүргізді. Балдырғандарға бата беріліп, «қайталау – білімнің анасы, үйренген ілімді қайталап тұруды ұмытпаңдар,» - деп кеңес берілді.
Енді жазғы Құран курсының 2 маусымы ашық деп жарияланып, шәкірттер қабылдануда.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.