"Жүніс молда" мешіті жамағатқа қайта есігін ашты

"Жүніс молда" мешіті жамағатқа қайта есігін ашты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданында орналасқан "Жүніс молда" мешіті жөндеуден өткізіліп, халыққа пайдалануға берілді. 

Меркі ауданының бас имамы Батырбек Қасымалиевтың ұйымдастыруымен жаңартылған мешіттің ашылу салтанаты өтті. Ресми іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы барып қайтты. 

Шараға аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков, ауыл имам-молдалары, қонақтар мен тұрғындар қатысты.

Аталған мешітке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Түркия елі мен Қазақстан арасындағы консул Әбдрахманов Бауыржан Қазықбайұлы демеушілік етті. Айта кету керек, ілгеріде "Жүніс молда" мешітінің орнында Меркі медресесі жұмыс атқарған болатын. Дәл осы оқу орнында Бауыржан Қазықбайұлы ілім алып, түлек атанған. Ал атасы осы мешіттің имамы болған екен. Тарихы тереңде жатқан, талай шәкірттің зейінін ашқан қасиетті орын бос қалмасын деген ниетпен демеушілік жасап, мешіттің халық игілігіне жұмыс жасауына осындай орасан үлес қосып отыр бұл азамат. 

Көпшілік алдында өкіл имам сөз сөйлеп, "Мешіттің ашылуына үлес қосқан адамның жаннаттағы мәртебесі" жайлы насихат айтып, "Жүніс молда" мешітінің имамы Дастан Қыдырбекұлына облыс атынан қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. 

Ресми түрде лента қиылып, қонақтар мешіттің ішін, ауласын, асханасын аралап, мешітте 2 ракат "сәлем" намазын оқыды. Қанат Жұмағұл құран оқып, мешіт үшін дұға жасады. Жұртшылық Алла үйінің жұмысына игі тілектерін жаудырып, аудан имамы Батырбек Қасымалиев демеушіге қазақы шапан жапты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспас 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: