Меркі ауданында орналасқан Ұлттық қауіпсіздік шекара қызметі 20\93 бөлімінің штабында әскери қызметкерлермен имани жүздесу өтті. Аталған іс-шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл жүргізіп, Отан қорғаушылардың сауалдарына жауап берді.
Таразыда теңселген ел тағдыры сөз болып, Арыс оқиғасы тілге тиек етілді. Отан алдындағы міндет, борыштың маңызы, ата дініміздегі орны жеткізіліп, жүрегі жұртым деп соққан әскерилердің рухы тағы асқақтай түсті.
Жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтарға сабыр ету, түрлі жағдайларда тұрғындарға дереу көмек көрсету жайы айтылып, дін турасындағы сұрақтар дәйекті жауаптармен көркемделді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.