Меркі ауданы "Жақсымбек ата" мешітінде облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амреевпен кездесу өтті.
"Көркем мінез-құлық" тақырыбын жан-жақты мәліметтермен қамтыған уағыз айтылып, әр адамның өзін-өзі тәрбиелеуге деген ықыласын арттыратын насихат исламдағы үлгілі тұлғалардың амалдарын өсиет етіп, діни кеңестер берілді.
Жас та, білікті маман жамағаттың сан сауалына жауаптар берді. Өмірде кездесетін түрлі жағдайларға байланысты жолданған сұрақтар шариғи тұрғыдан қандай маңызға ие, дінде ол жайлы не айтылған сынды талаптарға тіл қатты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.