Жазғы балалар сауат ашу курсы басталды (ФОТО)

Жазғы балалар сауат ашу курсы басталды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Білім - әрбір мұсылманға парыз" - дейді сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Ал білім бала кезден санаға сіңсе, өсер ұрпақтың имани иммунитетіне айналып, іргетасы болмақ. Міне, осы мақсатта жыл сайын ҚМДБ мешіттері жазғы балалар сауат ашу курсын ұйымдастырып отырады. 

Ал Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітіндегі жазғы оқу курсы мектептен демалысқа шыққан балалар үшін дәрісі де, демалысы да бар қызықты бағдарламамен бастау алды. Жазғы балалар сауат ашу курсының 1 маусымы ер балалар бөліміне 150 шәкірт қабылданса, қыз балалар бөлімінде 100 оқушы ілім алуда. Олар жас мөлшеріне қарай топ-топқа жіктелген.

Ұлдар бөлімі бойынша аталған облыстық мешіттің ұстаздары Асхат Акмамбетов, Жалғасбай Жұбатқанов және "Нұр Мүбәрак" университетінің 2 курс студенті педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші Бақдәулет Мырзабек ұстаздық етсе, қыздар бөлімі бойынша ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Алдасаеваның жетекшілігімен "Нұр Мүбәрак" университетінің 3 курс суденттері Айгерім Шынал, Айтолқын Түлдікбаева, Ақмарал Бесбай мен "Үшқоңыр" колледжінен келген Камила Нурова сабақ жүргізуде. 

Болашақ "Исламтанушы" мамандар мен мешіт ұстаздары бірігіп, балаларға Құран әліппесі, ғибадат, сенім, әдеп, пайғамбарлар тарихы пәндерінен дәріс оқып қана қоймай жеткіншектермен қаланы аралап, саяхат жасай отырып білім үйретуде. 

Оқушыларға сабақ арасында тіскебасар таратылып, үзіліс уақыты да белгіленген. Айта кету керек, бұл курсқа қабылдану үшін ата-аналардың өзі өтініш білдіруі керек. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: