Зекет ұғымы - көбею, өсу, тазару, берекет, нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды. Алла тағала бақара сүресінің екі жүз жетпіс алтыншы аятында: «Шайтан кедейлікпен қорқытып, сендерге жаманшылық жасауды бұйырады. Ал Алла сендерге өз тарапынан кешірім мен кеңшілігін уәде етеді...» - дейді.
Осы игі ниетпен Тараз қалалық «Бегалы ата» мешітінің имамы мен кәсіпкер азаматтың ұйытқы болуымен асыраушысы жоқ, көп балалы аналарға зекет берілді. Қала сыртындағы шалғай ауылдардағы үйсіз жүрген 5 отбасына және екі медресе шәкірттеріне оқу ақысын төлеу үшін әрқайсысына 50 мың теңгеден жалпы 350 мың зекет берілді.
Алла баршамызды парыздарын өтеушілер қатарынан етсін!
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі