Жастар форумы Шу өңірінде жалғасуда

Жастар форумы Шу өңірінде жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен "Бiз экстремизмге қарсымыз" атты тақырып аясында ɵтiп отырған форум жастардың имани иммунитетiн қалыптастыруда Шу ауданы, Тɵле би ауылында ɵз жалғасын тапты. 

Жамбыл облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Жолдасбекұлы модераторлық тізгін ұстаған форумның бірінші бөлімінде аудандық прокурор Жандос Бибосынұлы Бердіқұлов, аудан әкімі Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақов, белгілі исламтанушы, «Нұр-Мүбәрак» ислам университетінің оқытушысы Бауыржан Әлиұлы, Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев сөз алып, форум тақырыбына тоқталып, ойларын ортаға салды.

Жиналғандар тақырып бойынша дайындалған бейне роликті тамашалаған соң, форумның екінші бөлімі ашылды. Екінші бөлімінде сахнадағы орындықтарға исламтанудың сарапшылары Ғазиз Ахметов, Бауыржан Әлиұлы, Ермек Жамбылұлы, Ержан Аманбаевтар жайғасып, жиналғандарға қажетті мағлұмат берді.

Шарада жастардың жiгер отын имани қанықтыратын сұрақтар қойылды. Бұл игi бастаманың жалғасы Байзақ ауданы жəне Тараз қаласының жасындай жарық жастары үшiн жүргізілетін болады.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: