Жастар форумы Қордайдан бастау алды

Жастар форумы Қордайдан бастау алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылында Жамбыл облысы жастары арасында "Бiз экстремизмге қарсымыз" атты тақырып аясында Қазақстан Республкасында дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл жɵнiндегi 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны жəне "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын жастар арасында насихаттау туралы форум ɵттi. Жастар арасында дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу жəне болдырмау мақсатында өткен форумының тiзгiнiн Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Жолдасбекұлы ұстап, модераторлық етті. 

Форум барысында Дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу мақсатында жасақталған бейнеролик кɵрсетiлiп, əртүрлi межелiгi биiк тақырыптар жɵнiнде лекторлар мəн-мазмұны мағыналы, мардымды баяндамалар жасап, сɵзсiз жаңаша леп бердi. 

Алғашқы болып Қордай ауданы прокуроры Мұхитбек Батырбекұлы сөз бастап, мамандардың баяндамаларымен жалғасын тапты. "Қазақстан жерiндегi Ислам ɵркениетiнiң даму тарихы" атты тақырыпта Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы Шариғат жəне пəтуа бɵлiмiнiң қызметкерi, исламтанушы Бауыржан Əлиұлы ɵзiнiң салмақты, орамды ойын жеткізді. Тақырып барысында қазақ халқының мұсылманшылығы, табиғи тазалығы турасында ой қозғалып, кɵрермендер арасында керi байланыс орналып, еркiн сұхбат бағытында қарқынды ɵрбiдi. Жастар арасындағы сыңаржақ пiкiрлердiң алдын алу мақсатында дəстүр жаңғыруын жаңғырыққа айналдырмауды насихаттады.

Сонымен қатар Алматы қаласы орталық мешiтiнiң наиб имамы, исламтану ғылымының магистрi Ермек Жамбылұлы "Жастар жəне Ислам: ɵзектiлiк пен қақтығыс нүктелерi" атты тақырыпта мазмұнды ой қозғап, Жастар жылында жастарға жаңсақ жолды айналып ɵту керектiгiн баса айтып, қоғам дертiне ем болатын алғышарттар формуласын ұсынып, тура жолды нұсқады.

Модератор Бауыржан Мурбеков жастардың патриоттық ұғымын қалай түсiнетiнi туралы бiрнеше аргументтер құрып, қоғам қоқысына айналмас үшiн жастардың қандай ұсыныс бiлдiретiндерiн анықтау мақсатында ашық ой бiлдiуге шақырды жəне iзгiлiкке бағытталған, мардымды жауаптар қатты.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешiтiнiң наиб имамы Ержан Аманбаев "Исламдағы жастар тəрбиесi" атты тақырыпты жан-жақты жүйелi баяндады. Жастардың бүгiнгi тəрбиесi турасында шоқтығы биiк сɵздер айтып, жастарға жiгер сыйлады. Ал "Кеңесхан қажы" мешiтiнiң имамы, дiнтанушы Ғазиз Ахметов "Ислам дегенiмiз не?" атты тақырыпта радикалды дiни ағымдар белсендiлiгiнiң ɵсу қаупi бар екендiгi сɵзге тиек еттi.

Жастар кɵкейлерiнде жүрген сан сұраққа сүбелi жауап алып, ɵз рухани азықтарын қоректендiрдi деп айта аламыз. 

Тiке қарасаң кеудеден, қырын қарасаң иықтан қағар ақпараттар ағымы желдей жүйiткiген заманда жастардың дiни сауаттылығын арттыру негiзiгi мiндет. Ықылым заманнан жастардың патриоттық тəрбиесi актуалды болып келе жатқан бəрiмiзге мəлiм. Алайда, рухани жаңғыруымызды жаңғырыққа айналдырмай, "Бiз экстремизмге қарсымыз" деп ұрандатар жастар легi бүгiнгi кездесуде артты деп сенемiз! 

Форум соңында белсендi жастар марапатталып, болашақта қарқынды дамуға сеп болғандығын шүбəсiз жеткiздi.

Айта кету керек, бұл форум Қордай ауданынан бастау алып, басқа да өңірлерде өз жалғасын таппақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: